KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Өрт сөндірушілер 10 адамды өрттен алып шықты

6.11.2017, 10:05 158

Өскемен қаласында көпқабатты үйде шыққан өрт кезінде иіс тиіп, өмір-мен өлім арасында қалған ер адам құтқарылды.


Өртке қарсы қызмет мамандары бұдан басқа тағы 10 адамды өрттен алып шығып, 48 тұрғын басқа жаққа көшірілді.


Абай даңғылы бойындағы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің бірінде екінші қабатта жиһаздар өртенген. Түтінді байқап қалған көршілер дер кезінде өрт сөндірушілерді шақырып үлгереді. Жанып жатқан пәтерге терезеден кірген мамандар ас бөлменің ішінде ес-түссіз жатқан ер адамды тауып алады. Зардап шегушіге жедел көмек көрсеткен соң, ол есін жиған. Кейін ол дәрігерлердің қолына тапсырылды.


Құтқарушылар өрт шыққан үйден 48 адамды, олардың 12-і балалар, басқа жаққа көшірді. Сонымен қатар оттың ішінен тағы тоғыз адам құтқарылды, олардың екеуі балалар. Тілсіз жауды жарты сағаттың ішінде ауыздықтаудың нәтижесінде қызыл жалын көрші пәтерлерге жайылып үлгермеді.

Өрт мас кезінде отты абайсыз пайдаланғаннан шығуы мүмкін деген болжам бар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив