KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 0,6 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Алыс ауылдардағы полицейлерге жаңа автокөліктер берілді

14.09.2017, 09:21 125

Аягөз ауданындағы Шұбартау, Ақтоғай, Тарлаулы, Малгелді сияқты шалғай ауылдарда жұмыс істейтін учаскелік полицейлерге жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жетекшісі Марат Төлегеновтің айтуынша, ағымдағы жыл басынан бері Аягөз ауданында 373 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 12 пайызға төмен.


– Аудан орталығынан шалғайда жатқан елді мекендерге берілген бұл көліктер учаскелік полицейлердің жұмысын жеңілдетініне сенімім мол. Айта кетейік, биыл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері аса ауыр бес қылмысты ашты. Жалпы, осы күнге дейін Аягөзде орын алған қылмыстардың 83 пайызы ашылды, - дейді Марат Төлегенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив