KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Өскемендегі театр маусымы «Сергелдең болған серілер» комедиясымен ашылады

12.09.2017, 10:02 121

Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры өзінің 18-ші маусымын Баққожа Мұқаевтың «Сергелдең болған серілер» атты екі бөлімді комедиясымен ашпақ.


Әр маусымды түрлі жанрдағы қойылымдармен ашып келе жатқан ұжым биылғы маусымды комедиямен ашуды ұйғарды. Пьеса өткен ғасырдың 80-ші жылдары жазылса да, бүгінгі қоғамның өзекті мәселесін қозғайды. Қойылымға өмірлік жар іздеуде көп қателіктерге бой ұрып, небір қызықтарды басынан өткеретін жастардың өмірі өзек болады.


Қойылымның режиссері - С.Акелеев. Сонымен, қыркүйек айының 16 – жұлдызында жаңа театр маусымы Б. Мұқаевтың «Сергелдең болған серілер» атты 2 бөлімді комедиясымен ашылады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив