KZ
Өскемен
+33°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
464.72 496.32 5.4

ШҚО Жастар театры бүгін Бішкектегі халықаралық фестивальге аттанды.

11.09.2017, 04:04 166

Қ. Сүгірбеков атындағы І Республикалық жас режиссерлерге арналған форум-фестивальде облыстық Жастар театры жүлделі ІІІ-орынға ие болды.


Аталған фестивальде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 13 театр ұжымы бақ сынаған болатын.


Олардың ішінде. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры, Ақмола облыстық Ш. Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры, "А. И" театры, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Астана Жастар театры, Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, М. Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, Республикалық академиялық неміс драма театрлары бар.


Бүгін ШҚ облыстық Жастар театры Қырғызстанның астанасы Бішкекте өтетін халықаралық фестивальге аттанды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив