KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
475.39 513.37 5.4

Өскемен көшелері жарнама баннерлерінен тазаланады

9.08.2017, 08:13 149

Облыстық әкімдікте өткен жиында облыс қалалары мен аудандарын әлеуметтік жарнамалармен рәсімдеу жағдайы қарасытырылды. Қазіргі кезде облыста 1621 жарнама баннері бар, әлеуметтік-саяси бағыттағы баннерлер 80 пайызды құрайды, қалғандары – коммерциялық жарнама.


– Облыс орталығындағы баннерлер биыл 80 пайызға жаңартылып отыр. Атап айтсақ, «Рухани жаңғыру» бағыты бойынша «Отан неден басталады», «Бақытты ұрпақ», «Ұлттық код», «Мықты адамдар ұлты», «Сүйікті өлке» ұрансөздері жазылған өзгеше үлгідегі баннерлер орнатылды. Екінші ірі қала – Семейде, өкінішке қарай, коммерциялық жарнамасы бар баннерлер басым. 115-і коммерциялық, тек 93-і ғана әлеуметтік бағытта, – деді баяндама жасаған ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Смит.


Баннерлермен қатар, қазіргі кезде жер-жерлерде лэд-экрандар көптеп қойылуда. Қалалармен қатар, олар Зырян, Катонқарағай, Зайсан аудандарында да бар. Аудандар арасында әлеуметтік жарнаманы қаржыландыру бойынша Жарма, Абай және Глубокое аудандары көш бастап келеді. Өскеменде қаржыландыру көлемі былтырғы 17 миллион теңгеден 8 миллион теңгеге кеміген.


– Бұл салаға терең талдау жүргізіңіздер. Өскемен қаласындағы басы артық баннерлерді алып тастау керек. Әсіресе, Тәуелсіздік даңғылы бойында олар тым көп. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне нұқсан тигізіп тұр. Өскемен мен Семейге заманауи баннерлер қажет. Қазан айында тексеру нәтижесі бойынша есеп бересіздер. Әлеуметтік жарнаманың облыс бойынша ортақ тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Олардың мазмұны мен көркемделуі, ең бастысы, санаға әсері барша талаптарға сай болуы керек, – деді аймақ басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив