KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
476.27 515.47 5.41

Қала көшелерінде Ұлы Жеңісті бейнелейтін баннерлер орнатылды

9.05.2012, 18:00 132


Ұлы Жеңіс мерекесінің 67 жылдығы құрметіне қала көшелеріне Ұлы Отан соғысына қатысқан өскемендік ардагерлердің суреттері мен есімдері жазылған баннерлерге орнатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бүгінде облыс орталығында Ұлы Отан соғысының 385 қатысушысы бар, олардың кейбіреулері қалалық әкімдік пен «Жаңа Тау» компаниясының ерекше жобасының басты кейіпкерлеріне айналды.

«Біз өздерінің суреттерін баннерлерге орналастыруға келісімін берген ардагерлермен байланысып, олардың өсиет сөздерін ұрпақтары үшін жазып алдық. Ардагерлеріміз бұл ұсынысымызға жақсы қарады», - дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Бұлбұл Бәкінова.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив