KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
475.39 513.37 5.4

Құдықта уланып қаза тапқан жігіттердің жанұяларына көмек көрсетіліп жатыр

27.07.2017, 03:50 205

Үржар ауылында кәріз құдығына түскен жұмысшыларды құтқару кезінде қайтыс болған Үржар аудандық сотының қызметкерлеріне құрмет көрсетілуге тиіс. Сонымен қатар Бақытжан Қайназаров пен Бекзат Құрымбаевтың отбасына өңірдің сот жүйесінің судьялары мен мамандары материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.


-Қиналып жатқандарға дереу көмекке ұмтылған қызметкерлердің іс-әрекеттері қандай құрметке болсын лайық. Қатарымызда осындай саналы азаматтардың қызмет істегенін мақтан тұтамыз. Бастарын қатерге тіккен жігіттердің артында біреуінде үш бала, екіншісінде бір бала қалды. Облыстағы сот жүйесінің барлық қызметкерлері бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады. Қазір олардың әрқайсысы өтініш жазып, өткізіп жатыр. Сонымен қатар біздің өзіміздің қайырымдылық қорымыз бар. Сол қордан екі жанұяға 500 мың теңге ақша аударылды, - деді облыстық соттың БАҚ өкілдерімен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі, облыстық соттың судьясы Ераман Утешев.


Үржар аудандық сотының төрағасы Дәурен Серікбай Төтенше жағдайлар министрлігі мен Үржар аудандық әкімдігіне бейбіт күнде ерлік танытқан азаматтарға құрмет көрсету туралы ұсыныс түсірді. Екі азамат та Үржар аудандық сотына жұмысқа 2016 жылдың жазында қабылданыпты.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Үржар ауылында төрт бірдей жігіт құдықта жиналған белгісіз газға уланып, қайтыс болған. Олардың екеуі - зардап шегушілерге көмекке ұмтылған Бақытжан Қайназаров пен Бекзат Құрымбаев Үржар аудандық сотының жұмысшылары болған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив