KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 6 м/с, С
471.83 505.66 5.4

Үржар ауылында төрт бірдей жігіт құдықта жиналған белгісіз газға уланып өлді

25.07.2017, 08:48 96

«Казсельбурводстрой» ЖШС –нің үш жұмысшысы Үржар ауылында су жүйесі трассасында жөндеу жұмыстарын атқармақ болған.


Олардың екеуі құдыққа түскен бойда сол жерде жиналып қалған белгісіз газға уланып, естерінен танып қалады. Оларды құтқармақ болып, құдыққа түскен үшінші жұмысшы да улы газға тұншығып бара жатқанда айғайлап, көмекке шақырып үлгереді.

Айқайды осы кезде қастарынан өтіп бара жатқан Үржар аудандық сотының жұмысшылары Бақыт Қайназаров пен Бекзат Құрымбаев естіп, дереу көмекке ұмтылады. Бекзат Құрымбаев оқиға орнына бірінші жетіп, зардап шегушіні құдықтан шығарып, қалғандарын алып шығу үшін ішіне түседі. Алайда улы газдан ол да есінен таңып қалады. Құдыққа соңғы болып түскен Бақыт Қайназаров та газға уланып, шыға алмайды. Осылайша жедел жәрдем келгенше, сойталдай төрт жігіт уланып, қайтыс болды.

1989 жылы туған Бақытжан Қайназаров Үржар аудандық сотында жүргізуші, ал 1983 жылғы Бекзат Құрымбаев жұмысшы болып істеген.


Республиканың сот қауымдастығы мерт болған жігіттердің батылдықтарының алдында бас иіп, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив