KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

«Huahe international» облысқа инвестор тартуға көмектеседі

20.07.2017, 10:07 165

Қазақстанда өз бизнесін жүргізуге америкалық, британдық кәсіпкерлер мен Германия, Испания, Қытай, Түркия елінің бизнесмендері үлкен қызығушылық танытып отыр. Шетел инвесторлары соның ішінде Шығыс Қазақстандағы тау-кен металлургиясы, машина құрастыру, ауыл шаруашылығы саласына қаржы салуға ниетті.


Елімізге шетел инвесторларын тарту үшін Елбасының тапсырмасымен арнайы құрылған «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының жұмыс істеп жатқанына 100 күн болды. Әзірге компания Қазақстанға инвестиция тартуға орай шетелдік компаниялармен 22 ынтымақтастық келісімге қол қойған. Ұлттық компанияның АҚШ, Қытай, Ресей, Түркия елдерінде, барлық облыс орталықтарында өкілдіктері бар.


-Ұлттық компанияның ШҰАА ның Үрімжі қаласына барған ресми делегациясымен бірге маусымда осы қалада болып, ШҰАА бизнесмендерін еліміздегі, Шығыстағы бизнес жобалармен, облыстың инвестициялық әлеуетімен де таныстырдық. Сапар барысында Қытайдың «Huahe international» консалтингтік компаниясымен біздің облысқа Қытай инвесторларын тарту жөнінде келісім жасастық. Консалтингтік компания бізге инвестор жіберу, табу мәселелерін шешумен айналысады, біз оларға облыстағы жобалар тізімін, инвестициялық мүмкіндіктерміз туралы ақпараттарды жолдап отырамыз. Облысқа шетел инвесторларын тартуға байланысты осындай іс-шаралар басқа елдермен де жасалатын болады,-дейді «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының Өскемендегі аймақтық өкілдігінің директоры Мадина Байсалбаева.


Бірер жыл бұрын Шыңжан Ұйғыр автономиялық аймағы мен облыс әкімдігі арасында жасалған «Жол картасы» аясында біздің өңірде қытайлық кәсіпкерлердің қаржы салуымен ауыл шаруашылығы, энергетика, өнеркәсіп саласында бірнеше жобаны іске асыруға келісім жасалынған болатын.

Облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметін де атқаратын «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының Өскемендегі аймақтық өкілдігі директорының міндеті: облыста жұмыс істеп жатқан, облысқа келетін шетел инвесторларына қолдау көрсетіп, олардың мүдделерін қорғау, инвесторлардың өзекті проблемаларын облыс әкімі деңгейінде жедел көтеріп, көмектесу, бюрократияны, әкімшілік кедергілерді жою.


1 сәуір мен 11 шілде аралығында компанияның облыстардағы өңірлік өкілдіктерімен шетел инвесторларының қызметіне қатысты 74 мәселе қаралып, оның 22-і оңды шешімін тапқан. Шетел инвесторларының арыз, өтініштері мен қозғаған мәселелері негізінен: визалық қолдау көрсетуге, лицензияларды алу мерзімдерін оңтайландыруға, сертификаттарды, жер телімдерін рәсімдеуге, кедендік жеңілдіктер мен газдандыру, инфрақұрылымдарды жүргізу, өнімді өткізу, шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелеріне қатысты болған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив