KZ
Өскемен
-8°
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-дағы дауылдан 5 адам зардап шегіп, 30-ға жуық ғимараттың шатыры қираған

18.07.2017, 09:13 326

Шығыс Қазақстан облысында кеше болған қатты дауыл алдын ала есептеулер бойынша, 30-ға жуық үйдің шатырын ұшырып әкеткен.


Олдардың ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет нысандарының ғимараттары, тұрғын үйлер мен шаруашылыққа арналған қора-жайлар бар. Жауапты қызметтер дауылдың салдарын Ұлан, Жарма, Глубокое аудандарында, Өскемен қаласында жойып жатыр. Қалалық ауруханаға дауыл кезінде зардап шеккен бес адам келген. Олардың екеуі дәрігерлердің қабылдауынан кейін үйге қайтарылды.


Естеріңізге сала кетейік, «Казгидромет» мекемесінің құтқарушылары мобилді қосымша және ведомствоның ресми сайтында жексенбі күні түстен кейін 17 шілдеде секундына 20 метр жылдамдықпен жел тұратыны жайлы хабарлаған болатын.

«112» және «101» желілеріне Өскемен қаласынан 100-ден астам телефон қоңырауы келіп түскен. Тұрғындар негізінен опырылып құлаған ағаштар, ұшқан шатырлар және үстіне зат құлап, бүлінген көліктер жайында хабарлаған. Ұлан, Глубокое, Жарма аудандарында, облыс орталығының кейбір шағын аудандарында қатты жел электр жарығын өшіріп тастады.


«Казгидромет» мекемесінің мәліметі бойынша Өскемен қаласында желдің жылдамдығы секундына 24 метрге, Самар мен Көкпекті аудандарында 25 м/с, Зырян ауданының Селезенка ауылында 34 м/с жеткен.

Қазіргі уақытта құтқарушылар оқиға орнына барып, әрбір түскен хабарды тексеріп жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив