KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 1 м/с, С
474.71 511.74 5.54

«КазАгроГарант» ауыл тұрғындарының несие алуына кепілдік беріп отыр

17.07.2017, 03:49 209

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «КазАгроГарант» АҚ ауыл тұрғындарының несие алуына кепілдік беріп отыр.


«КазАгроГарант» АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алып, өз кәсібін ашам деген ауыл тұрғындарының, шағын қалалар тұрғындарының (несие серіктестіктері мен шағын несие ұйымдары арқылы ) несиеге алған қаржысының 85 және 50 пайызы көлеміне кепілдік бере алады. Кәсіпкерлікпен айналысқанына үш жыл болмаған тұрғындарға «КазАгроГарант» 85 пайызға дейін кепілдік бермек.


-Ауыл , шағын қалалар тұрғындары шағын несие алу үшін «КазАгроГарант» АҚ кепілдігін пайдалануға болатынын біле бермейді. Тұрғындарға, кәсіпкерлерге бизнесін дамытуға, мал өсіруге, сүт жинаумен айналысуға, басқа да ауыл шаруашылығы жұмыстарымен шұғылдануға жағдай туғызу мақсатында биылғы жылдың басынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 6 пайыздық жылдық өсіммен шағын несие беріліп жатыр. Тұрғындар мен кәсіпкерлер бұл несиелерді алуға «КазАгроГарант» АҚ кепілдігін пайдалана алады,-дейді «КазАгроГарант» АҚ ның облыстағы өкілдігінің директоры Дмитрий Леонтьев.


Бүгінгі күні аймақта «КазАгроГарант» АҚ ның кепілдемесімен несие алған әлі ешкім жоқ. Кепілдеме алуға ниеттенген 20 шақты ауыл, шағын қала тұрғындарының өтінімдері қаралып жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив