KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Шығыс Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан

фото: depositphotos.com

2.08.2024, 09:04 161 Нұржан Кенжеұлы

Облыстың 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары өнеркәсіп өнімі көлемінің артқандығын көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің басшысы Ерназ Нұрлановтың хабарлауынша, биылғы қаңтар мен маусым айлары аралығында Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 триллион 231 миллиард 192 миллион теңгеге жеткен. Облыстағы өнеркәсіп өндірісінің индексі 105,1 пайызды құраған, бұл республикалық көлемнің 5,2 пайызына тең.

– Тау-кен өнеркәсібіндегі өнім көлемі 6,4 пайызға өсті, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің индексі 3,7 пайызға артты. Сондай-ақ, электр энергиясымен, газбен, ыстық сумен қамтуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 18,5 пайызға ұлғайған. Есесіне, қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, сонымен қатар ластануды жою қызметтерінде көрсеткіштердің 1,6 пайызға кемуі байқалады, –деп мәлім етті Е.Нұрланов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив