KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, В
442.05 474.14 4.74

Жұмыссыз тұрғындар шәкіртақы ала отырып оқиды

8.03.2018, 04:00 137

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында шәкіртақы және тұрғын үй шығыстарының өтемақысын ала отырып техникалық және кәсіптік білім алуына, қысқа мерзімді кәсіптік оқу оқуына болады. Қазір облыстың аудандары мен қалаларында білім алуға өтініш білдірушілердің тізімі жасалып жатыр. Биыл облыста 82 мамандық бойынша 1730 адамға техникалық және кәсіптік білім берілмек, оқу мерзімі 2,5 жылға дейін.


Ақпанның аяғынан бастап қысқа мерзімді оқу курстары да басталды. Бүгінгі күннің сұранысына қажет болып отырған ( 77 мамандық) мамандықтарды тұрғындар екі-үш ай ішінде 49 колледж бен 20 оқыту орталығында оқып, игере алады. Шалғай ауылдардың тұрғындары екі жылжымалы (Семей қаласындағы электротехникалық колледж бен Аягөз политехникалық колледжі негізіндегі) мобильді оқыту орталығында оқытылмақ.


Бағдарламаның екінші –жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша ауыл, қала тұрғындарына шағын несиелер беріліп, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 2 697 ауыл тұрғыны кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады, олардың 556 сына шағын несие беріледі. Биыл «Бастау бизнес» 15 ауданда түгел оқытылмақ. Қазір жобаға қатысуға ниет білдірушілер анықталып, тізімі жасалып жатыр.


Әйгерім Жанбаева, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы несие бөлімі басшысының міндетін атқарушы:


-2017 жылы облыста біздің қор филиалы арқылы 784 ауыл тұрғыны алты пайыздық өсіммен жеңілдетілген несие алды. Шағын несие алу жағынан Аягөз, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарының тұрғындары белсенді болып отыр. Биыл ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашуға, мал сатып алуына басқа да кәсіптермен шұғылдануы үшін қор

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив