KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Катонқарағайда заманауи спорт алаңы ашылды

30.07.2024, 21:00 170 ALTAINEWS

Катонқарағай ауданында заманауи спорт алаңы ашылды. Бұл нысанды шекаралық ауданға «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры сыйға тартып отыр. 

2023 жылғы 11 шілдеде «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қайырымдылық жобасына қатысуға өтінім берген болатын. Жоба халықтың денсаулығы мен дене дамуын нығайту үшін жағдай жасауға, қала мен ауыл арасындағы спорттық инфрақұрылымдағы алшақтықты азайтуға негізделген.

Енді, міне, жалпы құны 55 989 399 теңге болған жоба жүзеге асып, «T&T VOSTOK» ЖШС мердігерлік ұйымы салған нысан ел игілігіне беріліп отыр.
Жалпы шекара маңындағы ауылдарды бос қалдырмау – ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысты мәселе. Сондықтан да «Amanat» партиясы шекаралық аудандарды дамыту мәселелерін үнемі көтеріп жүр. Оның белсенді мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары,   "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Саиров Ерлан Бияхметұлы, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Сатыбалдин Ерболат Жалғасбайұлы және Қазақстан футбол федерациясының президенті  Әділет Назарбайұлы шараның құрметті қонағы болды. Сондай-ақ, "Samruk-Kazyna Trust"әлеуметтік жобаларды дамыту қорының  бас менеджері Алуа Ерлан да қатысты.

«Осыдан екі жыл бұрын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шекаралық аудандарды ашу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Осы аудандарды ашып қана қоймай, сонымен бірге аудан халқының әлеуетін арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету өте маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан, «Amanat» партиясының басшылығы «Samruk-Kazyna Trust» қорына тапсырма беріп, шекаралық аудандардың спорттық инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мәселелер шешіліп жатыр. Дәл осындай спорттық алаңдар басқа шекаралық аудандарда да ашылатын болады. Бүгінгі шара Катонқарағайдың әлеуметтік-экономикалық дамуының басы деуіміз керек. Өйткені осыдан кейін ауданға мемлекеттік, жеке инвестиция келіп, алдағы уақытта аудан гүлденіп, әлеуеті зор болады деп кәміл сенеміз» , - деді Ерлан Саиров.

Қадірлі қонақтар спорт алаңының лентасын қиғаннан кейін ауыл жастары арасында шағын футболдан және волейболдан жарыс  өткізілді. Жеңімпаздарға "Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы" қоғамдық қорының демеушілігімен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Дана Әбдікәрім

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив