KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 1 м/с, С
476.27 515.47 5.41

ШҚО-да іс-тәжрибеден өткен жастар жұмысқа орналасып жатыр

26.06.2017, 02:36 119

2017 жылдан бастап іске асырылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  оқу орынын бітіріп жатқан жастардың тәжірибе жинап, жұмыс табуына  да айырықша ықпал етіп отыр.


Жастар іс-тәжірибесі бойынша жастардың  мекемелерде алты айға дейін, әлеуметтік жұмыс орындарында бір жылға дейін 57 мың теңге көлемінде еңбекақы ала отырып, тәжірибе жинауына мүмкіндігі бар.


Жастар іс -тәжірибесінен өтуге  бағдарлама шартына сай бұған дейін еш жерде жұмыс істемеген жас мамандар алынады. Оқу орынын бітірген соң жұмыс таба алмаған жастар уақытты уайымдаумен, бос жүріспен өткізбей, жергілікті жерлердегі  жұмыспен қамту орталығына келіп, іс-тәжірибеден өтуге өтініш бергені дұрыс. Жұмыспен қамту орындарына тіркелген жас мамандар сұраныс түсіріп отырған мекемелерге тәжірибеден өтуге жіберіледі.  Осылайша уақытын босқа кетірмей, еңбекақы ала отырып, тәжірибе жинап, жұмысқа тұруға мүмкіндік алады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мониторингтік секторының талдаулары жастар іс-тәжірибесіне келушілердің көптігінен мамандарды іс-тәжірибеден өткізу межеленген жоспардан екі еседей артық  орындалып жатқандығын көрсетіп отыр.


Биыл 546 жас маманды жастар іс-тәжірибесіне жіберу жоспарланған болса, қазір 229 жас маман тәжірибе алып, жұмыс істеп жатыр. Былтыр 405 маманды жастар іс- тәжірибесіне жіберу көзделген екен, оның орнына 568 жас тәжірибеден өтіп, өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетіп, соның 488-і тұрақты жұмыс тапқан.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив