KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Шығыстағы мыс өндіруші компания Ана мен бала орталығына бронхоскопиялық жабдықтар алып берді

23.06.2017, 03:16 205

Шығыс Қазақстан облысының Ана мен бала орталығына педиатриядағы қатаң бронхоскопия жасауға арналған жаңа жабдықтар келді. 30 құралдан тұратын жиынтықты Орталыққа арнап KAZ Minerals Тобының «Шығыстүстімет» ЖШС сатып алған. Жабдықтардың құны - 8 млн теңге.


Бронхоскопия – тыныс алу жолдарын, яғни тамақты, дауыс желбезегін, көмейді, бронх тармақтары кеңірдегін тексерудің тәсілі. Бұл тексеру тыныс алу жолдарындағы түрлі ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Ал қатаң бронхоскопия тыныс алу жолдарына сүйек, нан және т.б. ұсақ заттар тұрып қалғанда, сонымен қатар тыныс алу жолдарынан немесе басқа органдардан қан аққанда қолданылады.


Бұған дейін компания аудандық және қалалық ауруханаларға арналған медициналық жабдықтарды сатып алу үшін 311 млн теңге бөлген. Бұл қаражат өңірдің 13 медициналық мекемесіне берілген.


Соңғы бес жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 6,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Топтың қаржыландыруы арқасында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, Семей қаласындағы «Спартак» стадионы жөнделіп, Жезкент кентіндегі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында екі хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мемлекеттік нышандар кешені салынды. Семей қаласындаспорт интернатының жатын ғимараты мен спорт мектебі жанындағы күрес залының қосымша ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы ортопедиялық және травматологиялық операцияларға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Компания Республикалық гематология орталығының құрылысын қаржыландыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив