KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Понтон көпірінің маңындағы жағымсыз иіс мәселесі 2018 жылы шешілуі мүмкін

14.06.2017, 18:00 220



Басты мәселе болмаса да экологиялық ахуалы аса мәз емес қала халқының тура мағынасында басын ауыртып, жүрегін айнытып жүрген проблемалардың бірі -қала іргесінен, ішінен жиі -жиі жағымсыз ,сасық иістің шығып тұратыны.

Қала әкімі мен қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының берген жауаптарына қарағанда қалалықтардың ол сасық иістен құтылатын кезі алыс емес.

Қазір Өскеменде қалалық тазалау имараттары жүйелерін қайта жаңарту жобасының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Жобаның екінші кезеңінде қала шетіндегі қалдық жинау орындарында жиналған сұйық қалдықтарды биогазға айналдыратын метантенктер резервуарларының құрылысы салынбақ.

Дәл қазіргі уақытта қалдық жинау резервуарындағы сұйық қалдықтарға биоорганизмдер, химикаттар жіберу арқылы ондағы иіс шығаратын қалдықтарды имарат ішінде жойып, иіссіздендіретін технологиялық әдіс енгізіліп жатыр. Қала шетіндегі Понтон көпірі мен Ахмер ауылы ортасындағы «Өскемен водоканал» кәсіпорнының он қалдық жинау имаратының бірінде қазір осы қанатқақты жоба іске асырылып, тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сонымен бірге «Өскемен водоканал» кәсіпорны өзге елдердің кәріз тазалау тәжірибесінде қолданылып келе жатқан заманауи «Мокрый барьер» тәсілімен тазалау жобасын қолға алып жатыр.

2018-жылы кәсіпорын өздерінің инвестжобасы бойынша он қалдық жинау имаратының бәрін хош иістендіргіш қоспалар қосу жолымен жаңа тәсіл бойынша тазартуға кіріспек.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив