KZ
Өскемен
+12°
пасмурно Штиль
439.43 473.31 4.82

Өскеменде қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі өтті

6.06.2017, 18:00 142



Өскемендегі «Жастар» саябағында облыстың бірнеше аудандарынан келген қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі өтті.

Бүгін таңертеңнен кешке дейін өткен қолөнер бұйымдары көрмесіне келген қалалықтар мен қала қонақтары Катонқарағай ауданының Еңбек ауылында тұрып жатқан Гүлнар Қожамжарованың, Красин кентіндегі Ербол Ақаевтың, Ұлан ауданының Шымқора ауылынан келген шебер Жанарбек Ғазезұлының, өскемендік Гүлжан Сәрсенбаеваның, Абай ауданы Көкбай ауылынан келген Айбын Жұматайдың, семейлік Гүлмира Айғожина сияқты темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойған, алаша, сырмақ тоқып, киіз басқан өңірімізге танымал бір топ шеберлердің ұлттық қолөнер бұйымдарын көріп, тамашалады.
Өскеменде қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі өтті
Көрмеге Абай ауданының Көкбай ауылынан келген Айбын Жұматайдың дойыр қамшысы, тобылғы сапты ноғай қамшысы, қайыстан жасалған құйысқан, жүген, өмілдірік сияқты толып жатқан ат әбзелдері, теріге салынған картиналары, семейлік Нұрзия Тәшімованың қолынан шыққан киіз текеметтерді, қатар қатар қойылған үстелдерге жайылған өзге де дүниелерге жұрт үлкен қызығушылықпен қарап, сатып алып жатты. Шеберлер көрмеге келушілерді киіз басу, алаша тоқудың технологиясымен де таныстырды.
Өскеменде қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі өтті
Көрме үш жылдан бері облыста іске асырылып келе жатқан «Алтын Алтай –аймақты дамытудың байлығы» жобасы бойынша «Ауыл туризмі -жаңашылдықтар мен өңірді дамыту» тақырыбында өткен конференция аясында ұйымдастырылды.

Жанаргүл Мұқатай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив