KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 1 м/с, С
443.44 480.51 4.88

22 қолөнер шебері Астанаға аттанады

12.07.2017, 06:24 219

Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне біздің облыстан 22 қолөнер шебері барғалы жатыр.


Шығыстық шеберлер көрменің «Қолөнершілер ауылында» шілденің 21 нен бастап 31 не дейін он күн бойы өздерінің кәдесыйлары мен бұйымдарын келушілерге ұсынбақ.


-ЭКСПО-2017 көрмесіне теріден, киізден, ағаштан ұлттық нақыштағы бұйымдар жасап жүрген танымал шеберлеріміз: Айман Боқбасарова, Нұрзия Тәшімова мен оның ұлы Қуаныш Алмұратов, Архат Оразғалиев, Советхан Назархан, Абылайхан Асылбай сынды семейлік бір топ қолөнершілер, Абай ауданынан Айбын Жұматай, Ұлан ауданынан Сайлан Мұхаметбек, барлығы 22 қолөнершіміз барғалы жатыр. Шеберлер конкурс арқылы таңдалып алынды,-дейді облыстық этнографиялық мұражайдың халықтық және сәндік қолөнер бөлімінің меңгерушісі Раиса Мұхаметжанова.- Қолөнершілеріміздің заттарын апаруға, жатар орыны, жол ақысына, тамақтануына бюджеттен қаржы бөлініп отыр. Бір қолөнерші көрмеге 50 ден астам жеке затын, туындысын апарады.


Қолөнершілер көрмеге келушілерге кесте тігу, ши тоқу, киіз басу бойынша шеберлік кластарын да көрсетпек.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив