KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Өскемендегі өрт сөндіру қызметі балаларға мереке ұйымдастырды

1.06.2017, 18:00 218



«Металлург» саябағында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өрт сөндіру қызметімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға тамаша мереке ұйымдастырды.
Өскемендегі өрт сөндіру қызметі балаларға мереке ұйымдастырды
Бұған дейін өрт сөндірушілердің балалары арасында үздік қол бұйымына конкурс өткізілген-ді. Мереке барысында қолдан жасалған ең жақсы дүниелер сатылып, одан түскен қаражат қайырымдылық шараларына бағытталды. Жас өрт сөндірушілер тауарларын өздері жарнамалап, ата-аналарымен бірге саудалады. Қаржының қайда жұмсалатынынан хабардар балақайлар мейлінше көбірек бұйымдар сатуға тырысты.
Өскемендегі өрт сөндіру қызметі балаларға мереке ұйымдастырды
Саябақтың ішінде бірден көзге түсу үшін өрт сөндірушілер жәрмеңке өтіп жатқан жерге отқа жанбайтын костюм іліп қойған. Ерекше көрінетін костюмді қызық көрген балақайлар көп суретке түсті. Сонымен қатар жиналғандар иісшіл иттермен танысып, төрт аяқты достарымен де суретке түсуге тырысты.
Өскемендегі өрт сөндіру қызметі балаларға мереке ұйымдастырды

- Біз бүгінгі мереке арқылы балаларымызды ең алдымен мейірімділікке, мұқтаж жандармен бөлісуге үйретуге тырыстық. Мұндай ізгі қасиеттерді олардың бойына бала кезден сіңірген дұрыс. Сонда олардан еліміздің нағыз отансүйгіш азаматтары қалыптасады. Бүгінгі мереке барлық балақайлар үшін тамаша сый болды деп ойлаймын, - деді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Ғафур Ақаев.

Кәмал Естай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив