KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Өскеменде жауын канализациясы магистральді коллекторларының құрылысы басталады

31.05.2017, 18:00 136



–Қала әкімінің биылғы жылдың басындағы халықпен есепті кездесуінде Өскемен қаласындағы ЖМК мөлтек ауданында жауын канализациясы магистральді коллекторларының құрылысы басталатыны айтылған болатын. Ол қашан басталады және қажетті қаражат бөлінді ме?

Ризабек Ахметбекұлы,
зейнеткер
Өскемен.

Сауалға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмасхан Сматлаев жауап береді:

– Сіз айтып отырған құрылыстар биыл басталады. Ол мақсатқа облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 1027,8 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Оның ішінде облыс орталығының Оңтүстік жоспарлау ауданы аумағында жауын канализациясы магистральді коллекторларының құрылысына, Сәтпаев даңғылы бойынша жауын канализациясы магистральді коллекторы құрылысына – 587 млн. теңге қаражат қарастырылды.
Сондай-ақ, Өскемендегі Верхняя Магистраль көшесі бойынша 9 қабатты тұрғын үйдің бас жоспары мен инженерлік желісіне 96,8 млн. теңге, қаладағы Лихарев көшесі, 2 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты қайта құруға 220 млн. теңге бағытталды.

Бұл бағыттағы шаруалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Дайындаған - Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив