KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Өскемендегі су және жылу желілерінің құрылысына бір жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді

5.06.2016, 18:00 125



Облыс орталығындағы жылумен және сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысына бір жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бюджеттен бөлініп отырған бұл ақшаның 842 млн. теңгесіне қаладағы №2 жылыту қазандығынан 19-шы ықшамауданға дейінгі аралықты жалғаған магистральді жылу желісі тартылады.

Сонымен қатар Оңтүстік Ауыл көшесіне су құбыры жүргізіліп, 18 ықшам ауданда (Үлбі кенті) кәріз құбыры салынады.

Бұның сыртында Сол жағалау тұрғын ауданында жылумен қамтамасыз ету трассасы мен Лениногор көшесінде орналасқан насос стансасы қайта жөндеуден өткізіледі.

Шығыс Ақпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив