KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

ШҚО-да дін оқуын оқып жатқан студенттерге ақша төленетін болды

31.05.2017, 18:00 316


ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен еліміздегі әртүрлі діни оқу орындарында білім алып жатқан студенттер облыс мешіттерінде іс-тәжірибеден өтуде.

Аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан елді мекендерге барып, іс-тәжірибеден өтіп жатқан студенттер баспанамен толық қамтамасыз етілген. ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің имамы Ермек қажы Тасболатұлының айтуынша, оларға бір айлық еңбекақы төленетін болады.

– Шет мемлекеттерде қарулы қақтығыстар өршіп тұрған заманда еліміздегі тыныштыққа сансыз тәубе дейміз. «Қайғысыз адам қара суға семіреді» демекші, ең әуелі мемлекетімізде тұрақтылық пен бірлік болсын. Ол үшін ең алдымен біз әрбір адамның діни сеніміне сыйластықпен қарауымыз керек, - дейді Ермек қажы Тасболатұлы.

Ажар Сағатбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив