KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Күршімнің жолдары қайта жөнделетін болды. Рейд

29.05.2017, 18:00 88



Күршім ауданында қадағалау органы журналистермен бірлесіп, бұрын жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдарға рейд өткізді. Нәтижесінде мердігерлер бірнеше жолдарды қайта жөндеуге мәжбүр болды.

Аудан орталығында және ауылдық округтердегі барлық жолдар мен жүргіншілер жүретін барлығы 55 шақырымды құрайтын 34 автокөлік жолдары мен көшелері тексерілді. Тексеру барысында ауданның автомобиль жолдарының кепілді жөндеу уақыты аясында мердігерлік ұйымдардың тарапынан міндеттерді орындамау фактілері анықталды.

Мысалы, Күршім ауылының Б.Момышұлы және Исабеков атындағы көшелерінде бұрын жөнделген жолдың асфальті отырып қалған, жол жабындысы шайылып кеткен, сондай-ақ, жол шетінде шұңқырлар пайда болған. Марқакөл, Боран, Абай, Ақбұлақ, Төсқайың, Қалғұты, Маралды, Құйған ауылдарында және басқа да ауылдық округтерде жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілгені белгілі болды. Қадағалау органы аталмыш заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Прокуратура мен аудан әкімдігінің бірлескен әрекеттері нәтижесінде мердігерлік ұйымдар аудан орталығында 12 жол мен көшелерді жөндеді. Сонымен бірге, аудан жолдарының зақымдалған учаскелерінде шұңқырлар және басқа да кемшіліктер түзетіліп жатыр.

Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив