KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскемендегі Азия чемпионаты. Жапондар жартылай финалға шықты

28.05.2017, 18:00 123



Өскеменде өтіп жатқан волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында ширек финал ойындары басталды.

Қазірдің өзінде жартылай финалға өткен бір команданың аты белгілі болып қойды. Ол – жапониялық «Хисамицу Сеяку Спрингс».

Күншығыс елінің арулары ширек финалда «Тайвань Пауэр» (қытайлық Тайбэй) командасымен кездесіп, төрт партияға созылған айқаста қарсыласынан 3:1 (25:20, 15:25, 25:12, 25:19) есебімен басым түсті. Енді жартылай финалда «Хисамицу» ойыншыларына біздің «Алтай» мен Вьетнамның «Вьетин Банк» командаларының бірі қарсылас атанбақ.

Айта кетейік, осы жеңісінің арқасында жапондық ұжым турнирдегі жеңісті сериясын төрт ойынға дейін созды. Естеріңізде болса, В тобында өнер көрсеткен Шинго Сакаи шәкірттері үш ойында да жеңіске жетіп, келесі кезеңге бірінші орыннан шыққан.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив