KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 6 м/с, ОБ
479.05 534.57 5.17

Өскемендегі Азия чемпионаты - ширек финал. Ең мықты төрт команда анықталды

28.05.2017, 18:00 262


Өскеменде өтіп жатқан волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында жартылай финалға шыққан төрт команданың да аты белгілі болды.

Үш кезеңге созылған ойында ирандық "Сармайе Банктен" 3:0 есебімен айласын асырған қытайлық "Тяньцзинь Боxай Банк" волейболшылары келесі кезеңде Тайланд чемпионы "Суприм" командасымен ақтық сын жолдамасын сарапқа салатын болады. Ширек финалдық матчта Аспанасты елінің командасы турнирдегі ең сенімді жеңістердің біріне жетті. Үш партиядағы есеп 25:11, 25:20, 25:11.

Осылайша, дәл қазір жартылай финалда өзара мықтыны анықтайтын алғашқы жұп белгілі. Қытайлық және тайландтық ұжымдар арасындағы кездесу ертең сағат 16:30-да басталады.

"Алтай" жартылай финалға шықты,

Өскемендік "Алтай" клубтық Азия чемпионатының ширек финалында вьетнамдық "Вьетин Банк" командасын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Өскемендік ұжым өткен ойындағыдай сенімді жеңіске қол жеткізді. Естеріңізде болса, бұған дейін "Алтай" Иранның "Сармайе Банк" командасын 3:0 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы да сондай есеп тіркелді. Бірақ, бірінші кезеңде вьетнамдық қонақтар алаң иелеріне айтарлықтай қарсылық көрсеткенін айта кеткен жөн. 25:23. Дегенмен, қалған екі партияда Ярослав Антонов командасының басымдығы анағұрлым айқын болды. 25:18, 25:14.

Жартылай финалда өскемендік ұжым жапон чемпионы "Хисамицу Сеяку Спрингс" командасымен кездесетін болады. Бұл ойын ертең кешкі сағат 19:00-де басталады.

Нұржан Кенжеұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив