KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Бүгін сағат 19:00-де "Алтай" клубы Вьетнам командасымен ойнайды, Спорт сарайына кіру тегін

28.05.2017, 18:00 166


Өскеменде өтіп жатқан волейболдан қыздар командалары арасындағы клубтық Азия чемпионатында ширек финал ойындары басталды.

Қазірдің өзінде жартылай финалға өткен бір команданың аты белгілі болып қойды. Ол – жапониялық «Хисамицу Сеяку Спрингс».

Жанкүйерлердің делебесін қоздырырар ойын бүгін сағат 19:00-де басталмақ. Себебі, Алтай арулары өз алаңында Вьетнамның волейбол клубын қабылдайды.

Спорт сарайында өтіп жатқан ойындарға кіру тегін. Жерлестерімізге қолдау білдірейік!

Төменде ширек финалдық ойындар кестесін ұсынып отырмыз

11:30. «Суприм» (Тайланд) – «Филиппин Супер Лига» (Филиппин);
14:00. «Хисамицу Сеяку Спрингс» (Жапония) – «Тайвань Пауэр» (қытайлық Тайбэй);
16:30. «Тяньцзинь Бохай Банк» (Қытай) – «Сармайе Банк» (Иран).
19:00. «Алтай» (Қазақстан) – «Вьетин Банк» (Вьетнам).


Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив