KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш Жақыпбек Малдыбаевты еск алу кеші өтті

17.05.2017, 18:00 221



Өскемендегі А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, жерлесіміз Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай еске алу кеші болып өтті.

Кешке ұшқыштың немере-інісі Болатбек пен Нұрлыбек Малдыбаевтар, ұшқыштың өмірін зерттеп жүрген жазушы-журналист Айтмұхамбет Қасымов пен қаламгер Оңдасын Елубай қатысып, тартымды да әсерлі әңгімелер айтты.
Кешті Ағайынды Абдуллиндер атындағы Өнер колледжінің студенті Санат Амантай «Адай» күйімен ашып, Құрманғазының күйі «Терісқақпаймен» аяқтады.

Сондай-ақ, Жақыпбектей қаһарман жігіттің назарын өзіне аударған Юлия жеңгейді де еске ала отырып, көрермендердің назарларына «Дударай» әні ұсынылды.

Жиналған жұртшылық атынан қала әкіміне Өскемен қаласының орталығынан, ұшқыш атамызға өзіне лайық болатындай еңселі, әдемі бір ескерткіш орнатылса деген хат жолданды.

Мейрамтай Иманғали




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив