KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Алғашқы ұшақ Хиуаз Доспанованың атымен аталатын болды

9.05.2012, 18:00 137


«Эйр Астана» Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтай отырып, әуе компаниясының бірінші ұшағына аты аңызға айналған ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімін беретіндігін мәлім етті.

«Embraer - 190» әуе лайнерінің фюзеляжына атақты ұшқыштың есімін жазу рәсімі әуе компаниясының бірінші өз ұшағы жеткізілгенде өтеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

2012 жылдың 15-мамырында қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 588-ші түнгі бомбылаушы полкында соғысқан Х.Доспанованың туғанына 90 жыл толады. Ол Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украина мен Беларусьта әскери тапсырмалар орын-даған. Соғыстағы ерліктері үшін батыр қыз «Қызыл жұлдыз», «II дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Кавказды азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарын иеленіп, әскери атағы аға лейтенант шеніне дейін өскен.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында оған «Халық Қаһар-маны» атағы берілді. «Эйр Астана»
ұшақтарды Қазақстан мақтан тұтатын әйелдердің есімдерімен атау әуе ком-паниясының игі дәстүрлерінің біріне айналады деп ойлайды, ондай дәстүрлердің бірі – әуе тасымалдаушы-сының Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектеріне Қазақстан мен ТМД қалаларына тегін әуе билеттерін беру болып отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив