KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Меновное ауылының жылу жүйесі қайта құрылып, жаңартылады

17.05.2017, 18:00 176



Еуропа даму және қайта құру банкінің жетекші банкирі Аббас Офаринов Өскемен қаласының, оның ішінде Меновное ауылының жылу жүйесін қайта құру жобасымен және оған жұмсалатын қаржының көлемімен таныстырды.

Оның мәліметінше қазіргі № 6 және №7 қазандықтар жабылып, оның орнына ұзындығы бес шақырым болатын жылу трассасы салынбақ.

Мұнан соң оның әріптесі Надежда Ключникова Өскемен және Семей қалаларының көшелік жарықтандыру жүйесін жаңғырту жобасы туралы әңгімеледі. Жиында тараптар арасында Өскемен және Семей қалаларының қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту жайы да кеңінен сөз етілді.

– Қолға алынып отырған бұл инвестициялық жобалар Өскемен мен Семейдің аталған мәселелерін кемінде бес-он жылға дейін шешіп бермек. Жобалардың іске асуына қатысты ешқандай проблемалар болмайды, бірде-екілі мәселе туындайтын болса, олар жұмыс бабында шешіледі. Ол үшін тиісті орынбасарларыма тапсырма беріледі. Биыл тамыздың соңы, қыркүйек айының басында Бұқтырма өткелі үстінен көпір жобасы басталады. Сондай-ақ, Семейдің жылу жүйесін жаңғырту біз үшін өте маңызды, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов кеңесті қорытындылаған сөзінде.

Дәурен Аллабергенұлы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив