KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,1 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Соңғы төрт жылда Тарбағатайда 10 мың түп шырша егіліпті

14.05.2017, 18:00 111



Тарбағатай ауданында самырсын, қарағай, қайың сияқты ағаш түрлерін өсіретін тұқымбақ ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыстағы елді мекендерді көгалдандыру мақсатында ашылған тұқымбаққа биыл Күршім ауданы мен Риддер қаласынан 30 мың түп көшет әкелінген. Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың айтуынша, соңғы төрт жылда Тарбағатайда 10 мың түп шырша көшеті егілген.

– Бұл тұқымбақты облыстық табиғи ресурстар басқармасының қолдауымен аштық. Бүгінде біздің ауданымызға әкелінген көшеттерді орман шаруашылығының қызметкерлері тегін береді. Алдағы уақытта бұл көшеттерге жақсылап күтім жасап, өңірімізді көгалдандыруға атсалысатын боламыз, - дейді Ділдәбек Оразбаев.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив