KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
479.71 533.77 5.16

Астананың хирургтері Өскеменде ота жасап жатыр

11.05.2017, 18:00 157



Екі күн ішінде астаналық дәрігерлер облыстық ауруханада облыстың төрт тұрғынына операция жасап үлгерді. Сонымен қатар білікті дәрігерлер облыстық ана мен бала орталығында, диагностикалық орталықта науқастарды қабылдап, кеңес берді.

– Бізге кеңеске келген науқастардың жартысына хирургиялық жолмен емдеудің қажет емес екенін анықтадық. Олардың өздері де үйден жырақ кетпеуге болатына қуанды, - дейді Ұлттық орталықтың радиология және кардиология бөлімінің басшысы Серік Әлімбаев. –Шағымданған науқастардың барлығына жүректің УДТ жасалып, нұсқаулықтар берілді. Ал алты кішкентай пациенттерге Астанаға баруға тура келеді. Олардың құжаттары реттеліп, квота алуға әзірленіп қойды.

Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықтың кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Тимур Лесбеков балаларға да, ересектерге де операция жасай береді. Алайда облыстық аурухананың кішкентай пациенттерге операция жасауға лицензиясы жоқ, ал облыстық ана мен бала орталығында мүмкіндік жоқ болғандықтан, алдағы уақытта бірнеше сәбиге Астанада ота жасау туралы шешім қабылданыпты. Олардың арасында бір-екі айлық нәрестелер де бар.

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталықта жылына екі мыңға жуық операция жасалады. Солардың үштен бірі шығысқазақстандықтардың үлесіне тиеді екен.

-Бұл көрсеткіш сіздердің облыста жүрек ауруына шалдыққандарды анықтаудың дұрыс жолға қойылғанын көрсетеді, - деген пікірін білдірді Тимур Лесбеков.

Айна Ескенқызы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив