KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

Өскеменде "Жеңіс рекорды" акциясы өтті

9.05.2017, 18:00 183


Жеңіс күні мерекесіндегі салтанатты шаралар әскери техника көрмесі және мерекелік концертпен жалғасын тапты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сондай-ақ бұл күні қала жастарының қатысуымен дәстүрлі «Жеңіс рекорды» акциясы өттті. Соғыс жылдарынан кейінгі бейбітшіліктегі 26 280 күннің символы ретінде, акцияға қатысушылар 26 280 рет денесін жерден көтеру (отжимание) жаттығуын жасап жарысты. Шара арасында түрлі спорттық ойындар өтті.

Ал кешке Даңқ мемориалында 7 199 шырақ жағылды. Бұл Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өскемендік жауынгерлердің саны. Артынша қала халқы мерекелік отшашуды тамашалады.

Айта кетсек, ҰОС жылдары майдан даласына аймақтан 180 мың сарбаз жіберіліп, оның 83 мыңы соғыс алаңында қаза тапты. 109 шығысқазақстандық Кеңес Одағының батыны атына лайықталса, 24 жауынгер «Даңқ» орденінің ковалері атанған. Сонымен қатар, майданда атылған әрбір тоғызыншы оқ Шығыс Қазақстанның қорғасынына құйылған. Жалпы, облыс аумағында әскери техникалар құрастырылған.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив