KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 6 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Семейде «Мәңгілік Даңқ» шеруі өтті - видео-фотогалерея

9.05.2018, 06:23 202

9-мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам. Шапқыншылықтың жолын кесіп, бейбітшіліктің туын тіккен дана қарияларымызға деген елдік сағыныш пен құрмет ешқашан сарқылмайды. Жылда Қазақстанның әр түкпірінде сұрапыл соғыс кезiнде ел тыныштығы үшін ерлік жасап, қыршын кеткен ардагерлеріміздің портретін ұстаған мыңнан астам адам қаланың орталық алаңына шығып, ержүрек майдангерлерімізді мақтанышпен еске алады. Биыл да бұл үрдіс Семей шаһарында жалғасын тауып, мыңдаған қала тұрғындары майданда қаза тапқан батыр аталары мен апаларының суретін ұстап орталық алаңға жиналды.



Сондай-ақ, Мәңгілік даңқ полкінің шеруінде сап түзеген жас Отан қорғаушылардың легі мерекелік жиынның көркін одан ары ажарландыра түсті. «Мәңгілік полктің» шеруінде «Менің атам, менің апам олар батыр кісілер болған» деп қуанып айтып жүрген, Ұлы отан соғысының қаһармандарының суреттерін жоғары көтерген кішкентай бүлдіршіндеріміздің саны өте көп болды.


Ал, журналистерге атасының ерлігін әңгімелеп берген Алина қарындасымыз барлық соғыс ардагерлерін Жеңіс меркесімен құттықтады.



Әскери салада абыройлы қызмет атқарып жүрген бір топ азамат болса, түрлі асапатардың сүйемелдеуімен «День победы» әнін орындап, бірнеше шақырымды жаяу жүріп өтті.


[su_slider source="media: 31116,31117,31118,31119,31120,31121,31122,31123,31124"]


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив