KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Жалақыңызды ала алмай жүрсеңіз сот орындаушылар көмектеседі

26.04.2017, 18:00 153



– Жақында таныстарымнан енді жеке сот орындаушылардың көмегімен жалақы бойынша жинақталған берешекті қайтаруға болатындығын естідім. Бұл қаншалықты шын ақпарат? Сонымен қатар, атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері туралы білуге бола ма?

Салауат Қисамбин
Ұлан ауданы.

Сауалға облыстық әділет департаментінің басшысы Гүлмира Тұрлыханова жауап береді:


– Қазіргі уақытта облысымызда 87 жеке сот орындаушылары өз қызметін жүзеге асыруда. Олардың орындауында 55 мыңнан аса өндіріс бар. 2016 жылы уақытында мәжбүрлі түрдегі іс-шараларды қабылдау жолымен аймақтың жеке сот орындаушылары азаматтардың пайдасына берешегі бар кәсіпорындардан және олардың басшыларынан 288 602 909 теңге мөлшеріндегі жалақы бойынша берешекті өндірді.
Сонымен қатар, әлеуметтік-маңызды санаттағы сот актілерін орындау облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынған.
Егер Сіз жұмыс істейтін кәсіпорын тарапынан Сізге жалақы бойынша берешек қалыптасса, бұл туралы алдымен сотқа жүгініп, жалақыны өндіру туралы соттің шешімін алу керек. Содан кейін сот шешімін орындату үшін жеке сот орындаушыларына көрсету қажет.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив