KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2,7 м/с, В
485.11 523.82 5.02

«А» гепатитіне шалдыққандар көбейді – ШҚО

Фото: opecheny.ru

3.05.2024, 09:00 163 Ержан Әбіш

ШҚО-да осы жылы «А» вирусты гепатитіне шалдыққандар 16 пайызға көбейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері өңірде «А» гепатитімен 45 адам ауырған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 38 адам осы ауруға шалдыққан. Демек, көрсеткіш 16 пайызға артып отыр.

– «А» гепатиті Шығыс Қазақстандағы 6 аудан тұрғындарынан анықталды. Барлық сырқаттанғандардың 78 пайызы – ересектер. Бірақ жасөспірімдер мен балалар арасында да жұқтыру жағдайлары бар. Облыста осы вирусқа қарсы жаппай иммундау жүргізілуде, – дейді ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина.

Тұрғындардың келесі санаттары вакцинациялануға тиіс: екі жасқа дейінгі балалар, «А» гепатиті ошақтарында байланыста болған 14 жасқа дейінгі балалар, созылмалы «В» және «С» гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балалар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив