KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

Костенко шахтасы түтіндеп, кеншілер эвакуацияланды

Фото: ТЖМ

2.05.2024, 23:07 188

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында тағы да өрт тұтанды. Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Қарағандыда Костенко атындағы атындағы шахтада 4 конвейер штрегі түтіндеген, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

Бықсуды алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов сөндірді.

Кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған.

Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған.

Сағат 21:47–де 187 кенші жер бетіне шығарылды.

Оқиғаны бақылау және шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен жетекшілерінен 7 жұмысшы орнында қалды.

Алдын ала себеп — төменгі төсемнің ролигіне бөгде зат түсіп, оның жұмысын тоқтатып тастаған. Содан конвейер лентасы бықсыған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу