KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

ШҚО-да құрылыс крандарын шығаратын кәсіпкер облыс әкімінен көмек сұрады

16.06.2016, 18:00 112




«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында аймақ басшысы Даниал АХМЕТОВ тұрғындарды қабылдады.
Облыс әкімінің қабылдауына бірінші болып кәсіпкер Серікқазы Құрманғалиев кірді. Оның иелігіндегі «Азия-Кран» ЖШС құрылысқа қажет мұнаралы крандар шығаруды қолға алған.


Салмағы алты тоннаға дейінгі затты 140 метр биіктікке дейін көтере алатын ТБ-630 маркалы көтергіштер әлемдік нарықтағы QTZ-630 кранының баламасы десе де болады. Серікқазы Құрманғалиевтің өзі ТМД бойынша бұл кранға теңдесетін техника әлі құрастырылмағанын айтады.

- Әуелі кранды құрастыруға қажет қондырғылар мен матрицаларды, кран бөлшектерін сатып алдық. Одан кейін мамандарымызды Қытайдың Шандунь аймағында «Huata» компаниясынан оқыттық. Алғаш құрастырған бес кранның үшеуі Алматы, Талдықорған және Астана қалаларында жұмыс істеп тұр. Қалған екеуін өткізу қиынға соғып отыр. Жыл сайын облысқа сырттан 14 мұнаралы кран әкелінеді екен. Соның 12-сін өзімізде құрастыруға мүмкіндік бар. Біздің баға Қытайдан әкелінетін крандардан 12-15 мың долларға арзан. Осы мәселені тиісті орындардың алдына қойғанда біздің өнімнің бағасы бәсекеге сай емес деген уәж айтып, шығарып салды. Шындығында олай емес, - деді кәсіпкер.
Бұл мәселенің анық-қанығын зерделеу аймақ басшысының орынбасары Димитрий Гариков пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мәди Отарбаевқа жүктелді.

- Облыс көлемінде 100-ге жуық көпқабатты үй салынып жатыр. Осы нысандарда жұмыс істеп жатқан компаниялардың тізімін, олардың құрылыста пайдаланатын мұнаралы крандарды қайдан әкелгенін анықтаңыздар. Өзімізде өндірісі бола тұрып Ресей, Қытай, Беларусь сияқты елдерден кран әкелу дұрыс емес. Оның үстіне бұл азамат өз крандарының шетелдік техникалардан әлдеқайда арзан екенін айтып отыр. Тіпті, отандық қондырғы шетелдіктен 20 пайызға дейін қымбат болғанның өзінде жергілікті өндірушіге басымдық берілуі керек. Екінші кезекте бұл кранның сапасын да сараптау қажет, - деді Даниал Ахметов
С.Құрманғалиев өз кезегінде ұсынылып отырған крандарды банк арқылы лизингке алуға болатынын жеткізді.

Есімжан Нақтыбай




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив