KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Таза Қазақстан": Катондықтар көшелерді қоқыстан тазартты

21.10.2024, 13:30 89 Айна Ескенқызы

Күн райы салқындап келе жатқанына қарамастан Катонқарағай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары апта сайын үзбей өткізіліп келеді. «Amanat» партиясының бастамасымен қолға алынған «Таза бейсенбі» акциясына аудан орталығының өзінде ғана 70-ке жуық адам қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Акцияның аясында Катонқарағай ауылының тұрғындары ауыл көшелерін тазалап, ағаштарды ретке келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ауыл азаматтары, мектеп пен аурухана, әкімдік қызметкерлері, белсенді жастар қолдарына тырма мен сыпыртқы алып, қоғамдық орындар мен өз мекемелерінің аумақтарын қураған ағаш жапырақтары мен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Аудан орталығы тұрғындары ғана емес, ауылдық округтер де қалыс қалмай, аталған акцияға өз үлестерін қосты. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, аудан орталығының өзінде акцияға 70-ке жуық адам қатысқан.

– ­Біз осы акция жарияланған күннен бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде ауданымызды абаттандыру, қоқыстан тазарту шараларын жүргізіп келеміз. Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысы осы жылғы халыққа Жолдауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылып жатқан «Таза бейсенбі» акциясының бір реттік шара емес екендігін тағы да еске салды. Демек біз алғашқы қар түсіп, күн салқындағанға дейін жалғастыратын боламыз, – деді «Amanat» партиясы Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы Елдос Айтқазин.

Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті әдетке айналдыруды мақсат еткен бұл шаралар әлі де жалғасын таба бермек. Бастысы, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қоқыссыз ұстау ең бірінші өзімізден басталатынын ұмытпайық.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу