KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, С
463.77 495.49 5.31

Абай және Жарма аудандарына жаңа сот төрағалары тағайындалды

7.06.2016, 18:00 198




Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жарма ауданының №2 аудандық сотының және Абай аудандық сотының жаңадан тағайындалған төрағаларын таныстырды. Бұл туралы блыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Абай аудандық сотының төрағасы қызметіне – Семей қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Ербол Әділбеков тағайындалды. Жарма ауданының №2 аудандық сотының төрағасы қызметіне – Семей қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып, Тілеухан Әділжанов тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров өз сөзінде оның Семей өңірінде сот төрелігін жүзеге асыру жұмысындағы және сот жүйесінің дамуына сіңірген еңбегін атап өтті. Судья лауазымындағы 35 жылдық еңбегі барысында Аманбай Алдияров 5 аудандық, қалалық соттарды басқарып, талай жас мамандарды тәрбиелеп, мемлекет алдындағы борышын абыроймен атқарған. Облыстық сот төрағасы судья Аманбай Алдияровқа Құрмет грамотасын табыстай отырып, оғанзор денсаулық, отбасына бақыт тіледі.

Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Е.Сәлімов өз кезегінде судья А.Алдияровты құттықтап, сот жүйесіне сіңірген еңбегі үшін Алғыс хат табыстады.

Дарын Нұрсапаров




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив