KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Қазақстанның Елтаңбасы мен Әнұраны туралы қызықты деректер

6.06.2016, 18:00 452



1992 жыл – мемлекет рәміздеріне арналған байқаудың финалында Мемлекеттік Елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы қарастырылған болатын.

1991 жылдың 2 қазанында қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасы Елтаңбасының алғашқы нышандары бейнеленген кеуде белгісін тағып ғарышқа ұшты.

Қазақстан тарихында мемлекеттік Әнұран екі мәрте бекітілді – 1992 және 2006 жылдары.
Алғашқы Әнұран мәтінінің авторлары – Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Әлі, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева.

2006 жылдың 6 қаңтарынан бастап Қазақстан Әнұраны – «Менің Қазақстаным» әні, оны 1956 жылы Шәмші Қалдаяқов Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңіне жазған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ алғашқы мәтінді өзгертті және Әнұран бекітілген күннен бастап Мемлекет басшысы ҚР Әнұранының бірлескен авторы болып табылады.

Қазақстан Әнұраны жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында 18 рет шырқалды. Қазақстандық спортшылар тәуелсіз мемлекет тарихында нақ осынша алтын медальды жеңіп алды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛ ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНДЕР

Ақтөбе – Н. НАЗАРБАЕВ атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы
Биіктігі – 91 м.
2010 жылы салынған.

Ақтау – ҚР Мемлекеттік рәміздерінің алаңы
Биіктігі – 50 м.
2009 жылы салынған.

Астана – «Атамекен» этномемориалдық кешеніндегі Мемлекеттік рәміздер алаңы
Биіктігі – 111 м.
2009 жылы салынған.

Қызылорда – ҚР Мемлекеттік рәміздерінің алаңы
Биіктігі – 40 м.
2009 жылы салынған.

Тараз – Тұңғыш Президент атындағы саябақ
Биіктігі – 47 м.
2010 жылы салынған.

Өскемен – «Қазақстан» тауындағы Мемлекеттік рәміздер монументі
Биіктігі – 40 м.
2011 жылы салынған.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив