KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Глубокое ауданында жаңа қазандық салынады

21.02.2018, 05:56 168

Ауданда халықты  жиырма жылға жуық уақыт алаңдатып  келе жатқан мәселенің түйіні шешілді. Мұнда енді жаңа жылыту қазандығы бой көтеретін болады.


Осыдан 30 жыл бұрын  салынған қазандықтың әбден тозығы жеткен еді. Бүгінде  аудан орталығын толық жылумен қамтуға оның қауқары жеткіліксіз.


Аудан әкімі Қалихан Байғонысовтың айтуынша, бүгінде қазандық құрылысына арналған екі гектар жер бөлініп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 3 миллиард теңгеге жуық қаржы  салу жоспарланып отыр. Құрылыс заманауи технология бойынша жүргізілмек. Мұнда сағатына 40 Гкал жылу шығаратын үш бу генераторы орнатылатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив