KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Жерді жалға беру әлемдік тәжірибеде бар

2.05.2016, 18:00 116



Қазақстандықтар отандық ауылшараушылық өнімдерін пайдаланатын болады. Ал шетелдік компаниялар жұмыс орындарын құрып, салық төлейтін болады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Оның үстіне ауылдың инфрақұрылымын жақсартады. Бұл деген жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға көмектеседі. Сөйтіп қазақстандықтар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды төмендетуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында жұмыс істеулері қажет.

Естеріңізде болса, 2015 жылдың аяғында елімізде органикалық өнімді өндіру туралы заң қабылданған. Осы заң органикалық өнімнің жүйесін қалыптастыруға және халықты жоғары деңгейдегі өніммен, ал өндірушіні әділ бағамен қамтамасыз етуге көмектеседі. Халық санының өсіміне сәйкес, 2050 жылға қарай тамақ өнімін 60%-дан көп, ал дамушы елдерде қазіргі көлемнен 2 есе көп өндіруді қажет етеді. Бұлай болмаса, халықаралық ауылшаруашылығының әлеуеті деңгейінің төмендеуінен тамақ өнімі дефицитке ұшырауы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығына бөлінген ақы-пұлдың өтімділігі минимум 10 жылды құрайды. Ал бұл өндірістің әрі қарай дамуына ұзақ жылдар қажет.

Мысалы шетелдіктерге жерді жалға беру Ресейде - 49 жыл, Біріккен Араб Әмірлігінде - 99 жылды құрайды екен.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив