KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жыл басынан бері айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді

Фото: depositphotos.com

7.10.2024, 15:10 118 Ержан Әбіш

Қаржылық мониторинг агенттігі қолдан жасалған ақшаның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып отырдеп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз», ­- деп ескертті Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады. Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды.

«Алматының екі тұрғыны криптовалюта сатып алу желеуімен жалпы сомасы 32 700 АҚШ долларын құрайтын жалған шетелдік купюраны бірнеше рет сатты. Сот үкімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп хабарлады агенттіктен.

Агенттікпен жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра анықталды.

Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңгеден асады. Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

ҚМА валюта айырбастау кезінде қырағылық таныту керектігін ескертеді.

- Қызметі қолма-қол ақша айналымымен байланысты азаматтар мен қаржылық мониторинг субъектілерін (ЕДБ, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) жалған банкноттар табылған жағдайда дереу ҚМА-ның аумақтық департаменттеріне жүгінуге шақырамыз, - деп ескертті агенттік баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Агенттіктің жаңадан тағайындалған төрағасына көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және қаржы саласының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма бергенін жазған едік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу