KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1,8 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

Жерді жеке меншікке кім сатып ала алады?

1.05.2016, 18:00 226



Бірде бір шетелдік Қазақстан жерін сатып алуға құқығы жоқ. Тек қазақстандықтар ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сатып алуға құқылы.

Біріншіден, жеңілдетілген бағамен (50%), жалға берілген жерді 10 жылға ұзартумен және екіншіден аукцион арқылы сатып алуға мүмкіндігі бар. Шетелдіктер үшін бұндай норма жүрмейді. Ескерте кетерлік жайт, ауыл шаруашылығы мақсатындағы қазіргі айналымдағы 100,8 млн га жердің 1,3 млн гектар жері Қазақстан азаматтарының жеке меншігінде, ал 99,5 млн гектар жер жалға берілген. Бұндай жерлерде әртүрлі егістік, майлы-дақылдық, жемдік, көкөністік, бақшалық және өнімдік дақылдар өсіріледі. Бұндай жерлерде мал шаруашылығымен және ет-сүт өндірісімен шұғылданады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі ақшалай түрінде 2,7 трлн. теңгені құрады. 99,5 млн гектар жердің шетелдіктерге 65 мың гектары ғана берілген. Бұл шамамен 0,06% - оның өзі жалға берілген. Оның ең көп бөлігі 45 мың гектар бірлескен кәсіпорындарға жалға берілген. Олардың үлесін қазақстандықтар тікелей иелік етеді. Мысалы, Ақмола обласында 2010 жылы американдық Global Beef компаниясымен (капиталдық үлесі 15% ) «KazBeef Ltd» ЖШС бірлесіп құрылды. Компания елімізде алғашқылардың бірі болып тұқымдық таза ангус және герефорд малы тұқымдарын алып келе бастады, сөйтіп сапасы жоғары ет өндірісінің толық циклін құру жолын бастады. Биыл 2015 жылдың қорытындысы бойынша жоғары сапалы 2014 тонна ет экспортталды. Қазір кәсіпорында сексен бестей адам жұмыс істейді. Олардың ішінде бірде бір шетелдік жоқ.

ШҚО Ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив