KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 9 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Қазақстанда блогерлер алғаш рет өз киіз үйін тікті

21.03.2016, 18:00 128



Наурыз мерекесін биылғы жылы шығысқазақстандықтар ерекше қарсы алды. Қара құрым халық жиналған алаңда өзге киіз үйлерден бөлек жергілікті блогерлер алғаш рет өз киіз үйін тікті. Сондай-ақ, блогерлерді құттықтаған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бір жасқа енді толған Бекзаттың тұсауын кесіп, тілегін білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz Шығыс Қазақстан Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Әлеуметттік желідегі «#fb_16_uka» қауымдастығының белсенділері киіз үй құрып, ұлттық киімдер киіп, келушілерге палау ұсынып, түрлі салт-дәстүрлердің өту барысын көрсетті. Сондай-ақ, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, түскен қаражат балалар үйіне тапсырылмақ. Шара барысында Жақсылық Омар блогерлерге тілегін білдіріп, тіпті салт-дәстүрлердің біріне қатысып, сәбидің тұсауын кесті.

- Біздің негізгі мақсатымыз, тұрғындарға ұлттық дәстүрді насихаттап, ұлтаралық татулықтың бейнесін көрсету. Бірер күн бұрын Фейсбук желісіндегі парақшамда киіз үй құру туралы ұсыныс тастап едім, барлығы бірден қолдады. Бұл блогерлер құрып отырған бірінші киіз үй, сондықтан өз арамызда «Фейсбук Шығыс киіз үйі» деп те атап кеттік, - деді блогер Ринат Халиков (ник атауы: Дядя Река).

Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда мерекелік концерт өтіп, түрлі спорттық сайыстар, байқаулар жарияланды, көрмелер ұйымдастырылды. Аймақтың әр аудан-қалалары ауыл-шаруашылық жәрмеңкелер өткізіп, киіз үйлер тікті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив