KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
485.11 523.82 5.02

ШҚО-да ҚР Конституциясының 20 жылдығын атап өтуде орталық алаңға 15 000-ға жуық адам жиналды

31.08.2015, 18:00 152



30 тамыз күні Қазақстан Республикасы Коституциясының 20 жылдығы қарсаңында Өскемен қаласында «Ел тірегі – Ата заң» форумы, Бал фестивалі, мерекелік концерт болып өтті. Ата заң мерекесіне арналған шарада орталық алаңға 15 000-ға жуық адам жиналды, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Шараға қатысушыларды ШҚО әкімі Даниал Ахметов құттықтай отырып, Конституция 20 жылдығын атап өту, ел дамуының жарқын белгісі екендігін атап өтті.

– Осыдан 20 жыл бұрын Ата заңымыз қабылданып, еліміздің мемлекеттік құрылымының іргетасы қаланып, жаңа демократиялық-құқықтық мемлекет құрылды. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік аренада бірқатар жетістіктерге жетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының стратегиялық жоспарлары көрсетілген «Нұрлы Жол» бағдарламасын жариялап, жаңа даму қарқынына аяқ басты. 5 институционалдық реформаны іске асыруда 100 нақты қадам көрсетілді. Атқарылып жатқан осындай жұмыстар елімізді жаңа қырынан танытып, алдыңғы қатарлы 30 елдің арасынан көрінуге мүмкіндік береді, – деді Даниал Ахметов.

Шараның ресми бөлімінен кейін, отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама жалғасын тапты.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив