KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Көпбалалы аналарға үйдің кілті тапсырылды

25.10.2024, 17:30 140 Назерке Каримова

Айна Ескенқызы

Республика күні мерекесі қарсаңында Катонқарағай ауданының халқы көптен күткен қуаныштың куәсі болды. Мерейлі мерекеге арналған салтанатты жиында аудан әкімі Данияр Дюсембаев  әлеуметтік аз қорғалған санатқа жататын бірнеше отбасына жаңа үйлердің кілтін тапсырды.

Баспаналар халықтың тұрғын үй қажеттіліктерін қанағаттандыру  және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Бірқабатты Шығыс» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталмыш бағдарлама шеңберінде Катонқарағай ауылында 12 пәтер салынып. 24 бақытты отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында ауылдың көпбалалы аналары көптен күткен қоныс тойын тойламақ. Көпбалалы аналар Жанна Мейранбаева, Диана Смаилова, Мекен Камура және Ақмарал Нұрғабденоваға ұлттық мереке қарсаңында жаңа үйдің кілтірі табысталды. Аналар мемлекет пен аудан басшылығы тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға алғыстарын айтып, барша тұрғындарды Республика күнімен құттықтады. 

Біз де қоныс той иелеріне үйлеріңізде құт-береке болсын, «іші –жанға, сырты – малға» толсын дегіміз келеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу