KZ
Өскемен
+20°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
475.39 513.37 5.4

ШҚО-да денсаулық сақтау қызметтері бойынша сall-орталық іске қосылды

26.05.2015, 18:00 119



Бұдан былай шығысқазақстандықтарға дәрігер қабылдауына үйден шықпай тіркелуге болады. Денсаулық сақтау саласында аталмыш қызмет бойынша бірыңғай сall-орталық іске қосылды. Орталық арқылы жойылған жазба орнына медико-санитарлық қызмет бойынша және балалар стоматологиялық поликлиникасы дәрігерлерінің қабылдауына жазылуға болады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына электрондық жазба арқылы әдісті қолданысқа енгізу тапсырмасын ағымдағы жылдың ақпан айында облыс әкімі Даниал Ахметов жүктеген болатын. Аймақ басшысы өңір тұрғындары алдында есептік кездесу барысында аталмыш саланың қызметін қатаң сынға алып, медициналық мекемелердегі кезекті қысқарту жұмыстарын «көнерген әдіс» қатарына жатқызған болатын.

Мәселені біржақты шешу және тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында сall-орталық ашылып, арнайы сайт іске қосылды. Мамандардың айтуынша, жоба тіркеу бөлімінде кезекті азайтып, уақытты да үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Сall-орталық пен сайт арқылы үйден шықпай-ақ дәрігерлердің қабылдауына жазылуға болады. Сонымен қатар, телефон бойынша өңір халқына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге болады», – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Орталық және сайтқа ену арқылы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі мен оның ережелері, учаскелік дәрігерлер және олардың жұмыс кестесі туралы ақпарат алуға болады.

Сайт мекен-жайы: call-centervko.kz

Сall-орталықтың нөмірі – 8 (7232) 701-131.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив