KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

ШҚО жұртшылығы сайлау науқанына қатысты азаматтық белсенділік танытуда

7.04.2015, 18:00 147



Президенттікке үміткер Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық штабы сайлаушылармен белсенді жұмыс жүргізуде. Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сенімді тұлғалары оның сайлауалды тұғырнамасы туралы түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын үлестіруде.

Шығыс Қазақстан облысында үгіт-насихат материалдарын ілуге арналған 33 нүктеге 4 мың үнпарақ орналастыру көзделген.

Президенттікке үміткер Ә.Құсайыновтың Шығыс Қазақстан облысындағы аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Назгүл Ахметқалиева: «Штаб қызметкерлері ақпараттық-насихаттық материалдарды арнайы белгіленген жерлерге ілуде. Ондай орындар барлық қалаларда, аудан және ауылдық округтерде бар. Орналастырып, апта сайын тексеріп отырады. Сондай-ақ олар жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастырады. Үйден үйге деген жақсы акция бар. Кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын үйді-үйлерге барып түсіндіреміз», - деді.

ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайыновтың Өскемен қаласындағы сенімді тұлғасы Марина Тарасенко Өскемен қаласының жұртшылығы сайлау науқанына қатысты азаматтық белсенділік танытып отырғанын атап өтті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив